Жарнама
Жарнама

«Астананың» легионері: чемпионатты ұтып, Конференциялар Лигасында мейлінше алысқа баруға тырысамыз

04.03.2025, 11:58

«Астананың» нигериялық легионері Джеффри Чинеду командасының мақсат-міндеттерімен бөлісті

Джеффри Чинеду
Жарнама
Жарнама

«Бұл ҚПЛ-дегі ең мықты стадион мен ең үздік газон. Сонымен қатар, стадиондағы атмосфера да тамаша болды. Барлығы керемет! Бұл маусымда біз премьер-лигада тек жеңіске ғана ұмтыламыз. Чемпионатты ұтып, Конференциялар Лигасында мейлінше алысқа баруға тырысамыз. Осы үшін барымызды салып жұмыс істейміз де маусымның соңында өз дегенімізге жетеміз. Үздік сұрмерген? Әрине, командама көп гол салып көмегімді берсем деймін. Бірақ, ең бастысы – командаңның жеңісі мен еурокубоктегі жетістіктеріміз», - деген еді елордалық легионер.

Джеффри Чинеду өткен маусымда ҚПЛ-дегі 10 матчта 7 рет мергендік танытып, 1 голдық пас берген. Сондай-ақ, нигериялық шабуылшы 10 ойында 5 доп соқты. Д. Чинеду финляндиялық «Лахти», украиналық «Олимпик» Донецк, албанияның «Скендербеу» секілді клубтардың намысын қорғаған. Шабуылшының нарықтық құны 600 мың еуро.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров