"Динамо" (Загреб) Хорватия чемпионатының 3-ші турында "Истра 1961" клубын 3:0 есебімен жеңді.
Кездесу загребтік клубтың алаңында өтті. Голдың авторлары дубль жасаған Марио Гавранович (12-ші және 47-ші минуттарда) және Марин Леовец (45-ші минут).
"Динамо" Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Астананың" қарсыласы. Алғашқы кездесу Астанада 7 тамыз күні, қарымта кездесу Загребте 14 тамыз күні өтеді.
https://youtu.be/YJzbF5v1w14?t=1