Жарнама
Жарнама

«Астананың» ендігі жағдайы не болмақ?

27.05.2024, 11:52

«Жетісудың» Лига Кубогінде де жүзі жарық. Қайрат Нұрдәулетовтің командасы осы жолы «Астанадан» айласын асырды

"Жетісу" футболшылары "Астананы" жеңген соң
Жарнама
Жарнама

Жалпы, жетісулықтар биыл жақсы ойын өрнегін көрсетуде. Қайрат Жұмабекұлының шәкірттері осы демалыста тамаша ойнап, нәтиже көрсете алды. Талдықорғанның орталық алаңында болған бәсеке өте тартысты өтті. Кездесудің бесінші минутында алаң иелерінің капитаны айып соққысынан тікелей соққы бағыттап, есеп ашты. Серікжан Мужиков бұрын өзі өнер көрсеткен командасының қақпасына әдемі доп салды. Осыдан кейін қонақ команда да біраз серпілген. Астаналық футболшылар өткір шабуылдап, таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соңғы уақытта Григорий Бабаянның тарапына көп сын айтылуда. «Астана» командасының бапкері сондықтан Талдықорғанға мықты құрам әкеліп, жеңіске жетуді ойлаған. Қонақтардың бұл талпынысы да көп күттірмей өз нәтижесін берді. 11-минутта Аханону жетісулық қорғаушылардан айласын асырып кетті. Үзіліске дейін командалар тең есепті ұстап қала алды. Ал екінші таймда алаң иелері жеңіске жету үшін барын салған. Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу» сапында біраз өзгеріс енгізіп, жеңісті жұлып алуды ойлады. Алаң иелерінің қатарында жасыл алаңға тың футболшылар шығып, шабуыл шебін күшейтті.

Атап айтар болсақ, шабуыл өтінде Абылайхан Жұмабек кіріп, астаналық қорғаушыларды әбден састырды. Сондай-ақ, жартылай қорғаныста қатарға қосылған Антон Шрамченко да алаң иелерінің ойынына көрік берді. «Жетісу» командасына жеңіс сыйлаған голды дәл осы екі футболшы ұйымдастырған болатын. Екінші таймның бел ортасында Абылайхан Жұмабек айып алаңының ішінде Антон Шрамченкоға дәл пас шығарып берді. Беларусиялық футболшы аяғына салып берген допты қарсылас қақпасына топ еткізіп, «Жетісуды» есепте алға шығарды. «Астана» жеңіліске мойынсұнғысы келген жоқ. Григори» Бабаян да өзінің командасының сапында біраз ауыс-түйістер жасаған. Қонақ команданың таразы басын теңестіретін жақсы мүмкіндігі де болды. Әсіресе, матч соңына қарай елордалық клубтың қорғаушысы Казлаускас Тимур Досмағамбетовтің бұрыштамадан көтерген добына бірінші болып жетті. Алайда, Арсен Сиукаев керемет сейф жасап, алаң иелерін анық голдан аман алып қалды. Арсен, тек пенальти қайтарудан шебер емес екен. Жетісулық қақпашыны көпшілік тек «ленточкада» мықты дейтін еді. Арсеннің қазіргі «Жетісуда» орны бөлек.

Сөйтіп, ойын соңына дейін «Жетісу» жеңісті есепті ұстап, үш ұпайды олжалады. Ал «Астананың» ендігі жағдайы не болмақ? Бұл бәсекеде төрешінің тарапына тағатын сын жоқ деп есептейміз. Айтпақшы, Амановичтің есепке алынбаған голынан «шатақ» шығарып жүрмесе. Ал басқа жағынана жетісулықтар по делу жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров