Жарнама
Жарнама

«Астананы» Ресейлік бапкер жаттықтырмақ

15.10.2020, 18:52
Бұған дейін, «Спартак» және «Краснодар» клубын жаттықтырған.
Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов «Астананың» бас бапкері болып тағайындалуға жақын, деп хабарлады Чемпионат басылымы.

Тихонов өзінің футбол мансабының көп бөлігін Мәскеулік «Спартак» клубында өткізді, ол үшін 191 матч өткізіп, 68 гол соққан. Андрей сонымен қатар «Крылья Советов», «Химки» және «Локомотив» командаларында өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушы Ресей құрамасында 29 кездесу өткізіп, бір гол соқты.

«Спартак» пен Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы өзінің жаттықтырушылық мансабын 2008 жылы «Крылья Советов» командасында бастаған. Содан кейін Тихонов «Спартак» пен «Краснодарды» жаттықтырды. 2016 жылы ол "Енисейдің" бас бапкері болып тағайындалды. Оның басшылығымен клуб тарихтағы ең жақсы маусымын өткізіп, ФНЛ чемпионатында үшінші орын алды. Ресей премьер-лигасына шығу үшін ойналатын өтпелі матчта «Арсенал Туладан» жеңіліп қалды.

2017 жылы Тихонов «Крылья Советов» клубының бас бапкері атанды. Оның басшылығымен команда Ресей премьер-лигасына жолдама алды. 2018 жылы қызметінен босатылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров