"Астана" Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңі аясындағы Мальта чемпионы "Валлеттаны" 2 ойынның қорытындысында 9:1 есебімен есеңгіретіп, плей-оффқа жолдама алды. Енді Роман Григорчук шəкірттері Беларустың "Батэсімен" жасыл алаңда жолығады.
"Валлеттамен" болған қос матч та Елорда ұжымы Еуро аренадағы кейбір жекелеген көрсеткіштерін жаңартты.
- Өз алаңындағы алғашқы ойында 5:1-мен жеңіске жеткені белгілі. Бұл "Астананың" еуро бəсекелер аясында өз алаңындағы ең ірі жеңісі. Алдыңғы көрсеткіш 4:0, 2017-18 жылғы Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Маккаби Тель-Авивпен" болған матчта тіркелген еді (Еуропа лигасы, 3-тур, 19.10.2017 ж).
- Ал бүгінгі ойын "Астананың" сырт алаңдағы ең ірі жеңісі ретінде тіркелді. Бұған дейінгі түздегі ең нəтижелі кездесуін 2017-18 жылғы Еуропа лигасының 1/16 кезеңінде "Спортингке" қарсы өткізген. Португалиядағы "Жозе Алваладе" атындағы стадионда "пентакампиондарымыз" 3:3 есебімен тең түсті.
- Хорватиялық сұрмерген Марин Томасов "Астана" жейдесінде еуро дода аясында бір клубтың қақпасына 3 гол соққан 2-футболшы атанды. Бұған дейін аталған көрсеткішті Патрик Твумаси ("Маккаби Тель-Авив" қақпасына) тіркеген болатын.
- Оған қоса Марин "Астана" үшін Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде осымен 3 -матч қатарынан гол соғып отыр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.