"Астана" футбол клубының президенті Саян Хамитжанов дәл осылай мәлімдеме жасады. "Еуропа лигасының көктемгі плэй-офф сатысына шықпасақ онда жұмыстан кетемін. Ал егер өтіп кетсек, онда клуб сол жарыстан шығып қалғанша президент қызметін атқара беремін" деді Саян Жақсыгелдіұлы.
Осының алдында ғана клуб басшысы "бір жерде 5 жыл жұмыс істей беру дұрыс емес" деп айтып қалған еді.
Айта кетуіміз керек, 29-қараша күні "Астана" өз алаңында "Динамо" Киевті қабылдайды. Сол ойында елордалықтардың жарыстағы тағдыры шешіледі.