19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин мемориалының халықаралық турниріне дайындықтарын бастады. Оқу-жаттығу жиындары 21-27 тамыз аралығына жоспарланған.
Құрама сапына «Астананың» 9 ойыншысы шақырту алды:
қақпашы Владислав Саенко, қорғаушылар: Сағи Совет, Жантөре Жұмаділов,
жартылай қорғаушылар Лев Скворцов, Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев және шабуылшы Владислав Прокопенко.
Осы тоғыз ойыншының жетеуі дәл қазіргі уақытта құрама сапына қосылып үлгерді. Ал Сұлтан Сағнаев пен Владислав Прокопенко кейінірек құрама сапына аттанатын болады