Жарнама
Жарнама

"Астана" - "Санта-Калома": басы ащы болғанмен, аяғы тәтті аяқталған матч

02.08.2019, 03:50
Жарнама
Жарнама

"Астана" - "Санта-Калома" 4:1.

Гол авторлары: Р. Сигурьонссон, 24 мин (пенальтиден), М. Томасов, 73, 79, 90+4 мин, - Э. Пи, 7 мин.

Ел чемпиондары "Астана" Еуропа лигасының 2-іріктеу кезеңінен әзер дегенде артта қалдырды. Андорраның "Санта-Калома" командасымен жолы түйіскен Роман Григорчук шәкірттері 3-раунд жолдамасын тек өз алаңындағы қарымта матчта ғана шешті.

Дегенмен, екінші ойын да "Астана" үшін оңайға соқпады. 7-минутта күтпеген жерден Энрик Пи "Санта-Каломаны" есеп ашып, алға шығарды. Алайда, алаң иелері көп созбай 24-минутта таразы басын теңестірді. Пенальтиді сәтті орындаған Рунар Мар "Астана" жейдесінде 2-голын салды.

Ал матч тағдырын 2-таймда Марин Томасов шешті. Оның 73, 79 және 90+4 минуттарда жасаған хет-тригі "Астанаға" 4:1 есебімен жеңіс әкелді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров