Жарнама
Жарнама

«Астана» қақпашыларды жаттықтыратын жаңа бапкер тағайындады

10.07.2021, 00:35
Бұл маман бұған дейін «Ордабасы» және «Қайрат» клубтарында жұмыс істеген.
Жарнама
Жарнама

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, 50 жастағы маман Олег Воскобойников елордалық "Астана" қақпашыларының жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Олег Воскобойников - Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы. Ол екі рет ел чемпионы атанды және үш рет Қазақстанның үздік ойыншысы деп танылды.

2009 жылы жаттықтырушылық мансабын "Ордабасы" командасында бастады, онда 2013 жылдың соңына дейін жұмыс істеді. 2014 жылдан 2019 жылға дейін ол "Қайрат" клубында қызмет атқарды, онда бір рет қола, төрт рет күміс, төрт рет Қазақстан Кубогін және екі рет ел Суперкубогін жеңіп алды.

Бұған дейін елордалық клуб қақпашылардың жаттықтырушысы Николай Родионовты қызметінен босатқаны туралы хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров