Бүгін «Астана» командасының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Киевке УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы «Динамоға» қарсы ойынға аттанды.
Аталмыш ойынға мына ойыншылар кетті: қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Антонио Рукавина, жартылай қорғаушылар: Марин Томасов, Ласло Кляйнхайслер, Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков, Сұлтан Сағнаев, Ричард Алмейда, Иван Маевский, Педро Энрике, шабуылшылар: Жуниор Кабананга, Роман Муртазаев, Гангело Янга, Алексей Щеткин және Владислав Прокопенко.
Әуежайда команданы «12 ойыншы» ресми фан-клуб өкілдері арнайы шығарып салып, алдағы ойында сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, «Астана» - «Динамо» (Киев) арасындағы алғашқы матч 20 қыркүйек күні 23:00-де (Астана уақытымен) басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.