Жарнама
Жарнама

«Астана» - «Мидтьюлланд» кездесуінде румыниялық төрешілер қазылық етеді

22.07.2018, 10:58
Жарнама
Жарнама
УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінің «Астана» - «Мидтьюлланд» кездесуінде Раду Петреску қазылық етеді.  Бұған дейін румыниялық төреші қазақстандық бір ғана команданың қатысумен өткен еурокубоктық кездесуде қызмет жасаған. 2012 жылы Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің «Ягодина» (Сербия) - «Ордабасы» арасындағы ойында төрелік еткен. Қонақтағы кездесуде шымкенттік команда 1:0 есебімен жеңітке жеткен болатын. Осылайша, бұл төрешінің қазақстандық командаларға сәттілік әкелеріне сенеміз! Астанадағы кездесуде Петрескуға  Раду Гинкуляк пен Мирча Григориу көмектеседі. Қосалқы төреші – Марцел Бирсан (барлығы Румыниядан).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров