"Астана" екі кездесу нәтижесінде Данияның "Мидтьюланд" клубын артта қалдырып Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.
Sports.kz сайтының хабарлауынша, "Астана" осы нәтижесінің өзінде 1 миллион еуродан аса қаржы тапқан.
Аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін елордалық клуб УЕФА-дан 280 мың, екінші кезеңге өткені үшін 380 мың, ал үшінші кезеңге шыққаны үшін 480 мың еуро алады екен. Осылайша қазіргі күнгі сәтті өнерлері үшін барлығы 1,14 миллион еуро қаржы төленеді.