Жарнама
Жарнама

"Астана" еурожорығының жалғасы

24.07.2018, 19:44
Жарнама
Жарнама
Бүгін «Астана» Чемпиондар лигасындағы қатарынан төртінші жорығын жалғастырады. Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде Данияның чемпиондары «Митдюлланд» клубымен қос кездесулік күресін бастайды. Елордалықтар соңғы жылдары Ел есімін асқақтатып жүрген бірден-бір сәтті жоба болып тұр. Еуропадан ақша жасауды үйреншікті етіп алған басты клубымыз осы жолы да өздерінің футбол маусымын жоқ дегенде желтоқсанға дейін созсақ деген мақсат қойғаны анық. Еуропалық кезеңнің осы тұсында қарсылас таңдамайтын астаналықтар біраз тәжірибелі ұжым ретінде қалыптасты. Сондықтан да, бұл материалда «Астананың» осы маусымдағы еуропалық өткен, қазіргі және ықтимал болашақ қарсыластары туралы айтпасақ та болады. Алдыңғы жылдарға қарағанда, чемпиондарымыз біршама өзгерістерді бастан кешірді. Бас бапкерді санамағанда, команда құрамы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Алайда, өзгерістерді онша елей бермейтін бетке ұстарымыз осы жолы да алғанынан қайтпайды деген сенімдеміз. «Астана»  Әлем чемпионатының қатысушысы сербиялық Антонио Рукавинаны қорғаныстың оң қапталына алдырып, бірнеше ойындар арқылы ұжымдастарымен ойынға бейімділігін реттеп алды. Орталық шепке бразилиялық әзірбайжан Ричард Альмейда қосылды. Әзірбайжанның бес дүркін чемпионы, «Карабах» клубының ішкі біріншілікпен қоса еуроойындарындағы негізгі табыстары осы ойыншының есімімен байланысты. «Астана» шабуыл шебін де сапалы орындаушылармен толықтырды. Кабананга қайта оралып, команданың шабуылдағы негізгі соққы берер күшін – гол салуды басты назарда ұстайтын тағы бір шетелдік сұрмерген Рангело Янгамен құрайды. Бұл трансферлер мен команданың соңғы ойындардағы сәтті өнер көрсетуі Патрик Твумасиді тіпті ұмыттырып жіберді. «Астананың» сапалы трансферлер жасауы команданың әлсірегені емес. Еуропалық турнирлерде үнемі қатысушы клубтар жыл-он екі ай трансферлік бағытта жұмыс жасайды. Біздің чемпион да Еуропалық ұжымдар сынды сапалы ойыншылармен толығуда. Қазіргі күні елордалықтар құрамын Мужиков, Мұртазаев, Бейсебеков, Томасовтарсыз еш елестете алмайсыз. Дәл осы ойыншылар жаңа келгендерді бас бапкердің қалай ойын жүйесіне қосу керек деген сұраққа жауап іздеуін қиындатады деген сөз. Десек те, жаңа бапкер Григорчук те осал бапкер емес. Украинаның «Черноморец», Әзірбайжанның «Габала» клубтарымен Еуропа Лигасының топтық кезеңдеріне қатысқан. Украиналық клубпен 1/16 финалында «Лионға» доп айырмасымен ғана жол берген екен. Маңызды кездесуге дейін клуб басшылығы өте сәтті ойындар графигін ұйымдастырып берген «Астана» ішкі біріншілікте де жағдайын тәп-тәуір етіп алған. Еуропалық кездесулермен аралас келген ойындарын алдын-ала өткізіп алды. Биылғы ішкі біріншіліктегі «Астананың» ерекшелігі «Қайраттан» басқа ұжымдарға жол беруі болып отыр. Естеріңізде болса, Қарағанды мен Оралда жеңіліс тапты. Соңғы турда елордалықтарды өкшелеп келе жатқан Алматының «Қайраты» да «Ордабасыға» жол берді. Осылайша, алматылықтар «Астананың» ішкі біріншілікке біршама алаңсыз болуын қамтамасыз етсе, бір жағынан еурокубоктік кездесу алдында көтеріңкі көңіл-күй де сыйлай алды. «Астана» еурокубок ойындары арқылы жанкүйер қатарын толықтырып алған бірден-бір отандық клуб. Қазір елордалықтардың еліміздің қай аймағы болмасын жанкүйерлері баршылық. Еуропада доп тебудің тиімділігін сезінген «Астана» биылғы жылы да қаржылық қоржынын толықтырумен қатар, жанкүйерлерді де жерге қаратпайды деп сенеміз. Әрине, отандық басқа ұжымдардан күтеріміз дәл осы. Алайда, олардың кезегі бірер күннен кейін келері анық.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров