"Астана" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі алдында клуб конголық шабуылшымен келісім-шартқа қол қойды. Енді командадан кеткен Джуниор Кабананганың отандасы "Астананың" негізгі шабуылшысына айналмақ.
Санаулы сəттер бұрын ғана "Астана" 25 жастағы
Фирмин Ндомбе Мубелені сатып алғанын хабарлады. Əзірге футболшы үшін клубтың қанша қаржы жұмсағаны жайында ресми ақпарат жоқ. Ал transfermarkt.de сайты бұл сұрмергенді 2.5 млн. еуро деп бағалап отыр.
Фирмин 2016 жылдан бері Францияның 1 Лигасында өнер көрсетіп келеді. Астанаға ауысар алдында жарты жыл "Тулуза" жейдесінде тер төксе, оның алдында, яғни 2017-18 жылы "Ренн" сапында доп тепкен-ді. Мəселен, "Ренн" үшін 34 ойын өткізіп, 8 гол соқса, "Тулуза" қатарында 15 матчта тек бір голмен шектеліпті.
Франция чемпионатынан келмес бұрын 2015-17 жылы Катардың "Аль-Ахли" ұжымында ойнаса, 2013 жылы мəнсабын өз еліндегі белді командалардың бірі "Вита" қатарында бастаған.
Ал Конго құрамасының намысын 2013 жылдан бері қорғап келеді. Бүгінгі дейін құрама сапында 44 ойынға қатысып, 9 гол салған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.