Щучинскте 2002 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің төртінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Қайрат Тоқсанбаев пен Константин Котов шәкірттері төртінші турдағы үш ойында қарсыластар қақпасына 21 гол соғып, 7 ұпайға қол жеткізді.
Астаналықтар алғашқы ойын күнінде қарағандылық «Шахтерға» қарсы ойнап, 2:2 есебімен тең түсті. Ойында елорда командасы сапынан Рахат Жұмабеков пен Әлихан Қуатбай көзге түсті.
Ал екінші ойын күнінде елорда жастары «Оқжетпес» командасын 14:2 есебімен тас-талқан етті. Көкшетаулықтар қақпасына Жұмабеков 4 гол соқса, Мейрамбек Қалмырза да осынша рет көзге түсті. Ал Руслан Киргетов пен Уәлихан Тюлюпов екі голдан соғып, Расим Бобровский мен Сапармұрат Абдуллаев еншілеріне бір голдан жазды.
«Астана» ойыншылары турды «Қызыл-Жар СҚ» командасына қарсы кездесмен аяқтап, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде Киргетов покер авторы атанса, тағы бір голды Рахат Жұмабеков өз еншісіне жазды.