Елорданың «Астана» командасы Португалияға аттанар жиын алдында 2 футболшымен еңбек келісім-шартына қол қойды.
Енді армениялық Тигран Барсегян мен белорусь жартылай қорғаушысы Макс Эбонг «Астана» жейдесінде доп тебеді.
Айта кетейік, Тигран өткен маусымда Қызылорданың «Қайсары» сапында ойнап, 29 кездесуде 12 гол салған.
Ал 20 жастағы Эбонг Солигорсктің «Шахтерында» өнер көрсеткен. Өз елінің ұлттық құрамасы сапында бір матчқа қатысқан.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET