«Боруссия» қорғаушысы Ашраф Хакими Бундеслигада кезекті рекорд орнатты.
Айта кетейік, «Боруссия» мен «Лейпциг» арасындағы матч осымен үшінші рекордтық көрсеткішке түзету енгізген ойын болды.
Ойын сәттерінің бірінде Ашраф жылдамдығын сағатына 36.2 км-ге дейін жеткізген.
Бундеслига баспасөз қызметінің мәліметінше, Хакими біріншілікте жылдамдық өлшеу технологиясы қолданысқа енгізілген сәттен бері ең жоғары көрсеткіш орнатқан футболшы.
Естеріңізге сала кетейік, морокколық қорғаушы биылғы маусымда өткізген 26 ойында 6 гол салып, 5 нәтижелі пас беріпті.
Негізі Ашраф "Реал" академиясының түлегі.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET