Чемпион атанудың сырын чилилік жартылай қорғаушыдан артық білетін ойыншы санаулы болар.
"Барселона" осымен екінші жыл қатарынан Примераның жеңімпазы атанды. Аталған көрсеткіш Артуро Видаль үшін қатарынан 8 жыл қайтананып отырған жағдай. Ол кəртамыс құрлықта 8 жыл үзбестен өзі тер төккен біріншіліктерде топ жарумен келеді. Мысалы, 2012-2015 жылдардың арасында "Ювентуспен" А сериясында 4 жыл чемпион болса, 2016-2018 жыл арасында 3 рет "Бавариямен" Бундеслиганы бағындырған. Енді міне, биыл блауграна қатарында үздік атанды.
Айта кетейік, Артуро аталған 3 клуб жейдесінде негізгі құрам ойыншыларының бірі ретінде ойнаған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.