Жарнама
Жарнама

Артур Смағұлов: «Александр, «Ақтөбе» туралы айтуға құқығың жоқ!»

11.04.2021, 16:35
Седнев 2018-2019 жылдары «Ақтөбе» клубын баптаған.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» клубының басшысы Артур Смағұлов Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында «Ордабасымен» болған матч (4:4) жайлы пікір білдірді.

«Кешегі матч туралы көп дүние жазғым келеді. Ең бастысы – мен өз командамды, жаттықтырушылар штабын, футболшыларды және әкімшілік топты мақтан тұтамын. Әр матчта ең соңғы секундқа дейін күресентінімізді көрсеттік! Біз кеудеміздегі эмблема үшін ойнаймыз! Команда мұны әр матч сайын дәлелдеп келеді. Барлық жігіттер команда үшін, жанкүйерлер үшін жан салып күресетін осындай ұйымшыл және тату ұжым тағы қайда бар екенін білмеймін.

Кеше біз мықты қарсыласқа қарсы төрт гол соқтық. Өкініш бар, себебі матчта жеңіске жетуіміз де мүмкін еді. Мүмкіндіктер болды... Біз тек енді құрылып келе жатқан командамыз. Алдымызда көп жұмыс күтіп тұр, бірақ қазірдің өзінде қандай жетістікке жеткіміз келетіні және қандай ұжым құруды қалайтынымыз көрініп тұр. Басты мақсат – клубты қазақстандық футболдың элитасына қайта көтеру. Жанкүйерлерге ерекше рахметімді айтамын. Сіздер үздіксіздер! Мұны қайталаудан жалықпаймын! Осындай қолдау мен бірліктің арқасында біз бәріне қол жеткіземіз! Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін мың алғыс!

P. S. Александр, мазмұны мен сапасы бойынша өз командаңды бағала, «Ақтөбе» туралы айтуға құқығың жоқ!», – деді Смағұлов инстаграм парақшасында.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров