Жарнама
Жарнама

Арсенал-Мөлде ойран салды түнде

07.11.2020, 03:32
Норвегиялық «Мольде» «Арсеналға» есе жіберді.Уэмблиде бір емес екі автогол салынды.
Жарнама
Жарнама

 Еуропа лигасының 3 тур қарсаныңда. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат түнгі 2-де керемет матч өтті. Лондондық "Арсенал" өз алаңында Норвегиялық "Мольде" командасын қабылдады. Ойын ысқырық шалысымен қыза түсті,алаң иесі "Арсенал" шабуылға лапылдаған оттай аттана жөнелді. Ал "Мольде" болса өрт сөндірушідей лапылдаған шабуылдарды сөндіруге тырысты. Ойынның бірінші голын қорғана жүрген "Мольде" 21 минутта салып кетті,гол салған:Эллингсен. "Мольде" жанкүйерлерінің,бірақта қуаныштары ұзаққа созылмады. Бірінші тайм бітерде "Мольделіктер" өз қақпасын нысанаға алды. Нкетиенын пасын қайтарарда қателік жасаған,сол жақ қорғаушы Хеуген өз қақпасына гол салып алды. Бірінші тайм есеп бірде-бір. Қырсық бір айналдырса шыр айналдырар дегендей "Мольде" екінші таймда алда не күтерін білмеді. Тайм бастала салысымен "Мольде" бапкері ойыншы алмастырды. Қорғанысты күшейту мақсатында Шерифф Синянды алаңға шығарды. Арада бірнеше минуттар өткеннен кейін сол жаңадан ойынға шыққан Синян бұрыштамадан Уиллок асырған допқа бірінші жетті. Жеткенін қайтсін өз қақпасына гол жіберіп алды. Осылайша есеп:2-1. Одан кейін "Мольде" жеңіске деген жігерін жоғалтты ма шабуылда әлеуметті артпады. Керісінше Зеңбірекшілердің екінші тынысы ашылып шабуылды арттырып нәтижесінде гол соқты Пепе 69 минутта таблодағы есепті 3-1 ге жеткізіп "Арсенал" пайдасына шешті. Ары қарайда Зеңбірекшілер шабуылдап ойынның бітуіне 2 минут қалғанда Д.Уиллок есепті еселеп ойынға нүкте қойды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров