Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский «Қайсар» клубымен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
26 жастағы футболшы армениялық «Лори» клубынан кетті. Команданың Армения чемпионатынан шығып қалуына байланысты ойыншылардың көпшілігі кетуге мәжбүр болды.
Қорғаушы «Қайсармен» осы жылдың соңына дейін келісім-шарт жасаспақ, бірақ келісім-шартта Рудосельскийге жазда шетелден жақсы ұсыныс түссе, кету мүмкіндігі қарастырылған.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының қорғаушысына Израильдің екі клубы, сондай-ақ армениялық «Ноа» қызығушылық танытқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET