"Ақжайық" ресейлік жартылай қорғаушы Марат Бураевпен өзара мәміле бойынша келісім-шарттың күшін жойды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Марат оралдық клубқа осы маусымның басында қосылды. Осы уақыт аралығында небәрі төрт ойынға қатысты.
25 жастағы жартылай қорғаушы соңғы рет "Слуцк" клубында ойнады. Бұған дейін ол "Краснодардың" жастар командасында, ресейлік "Беркут", "Севастополь", "Спартак Владикавказ" және "Крымтеплица" клубтарында, сондай-ақ армениялық "Пюник" пен "Арцах" клубтарында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET