Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» «Ақтөбе» футболшысын жалға алды

10.04.2021, 18:06
Футболшы маусым аяқталғаннан кейін өз клубына қайта оралады.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Ардақ Сәулет маусым соңына дейін оралдық "Ақжайық" клубына жалға беріледі.

Ардақ жаңа маусым басталғалы бері командадағы үлкен бәсекелестікке байланысты алаңға шыға алмаған болатын. Сол себепті ойыншы "Ақжайық" командасына ауысу туралы шешім қабылдаған. Чемпионат аяқталғаннан кейін Ардақ командаға қайта қосылады.

24 жастағы футболшы "Ақтөбе" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бірінші лиганың өткен маусымында 8 матчқа қатысып, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров