Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» осы маусымға арналған бюджеті белгілі болды

30.10.2020, 02:26
«Ақтөбе» бөлінген ақшаны барлық командаға үлестіріп беруде.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасына шығу туралы тапсырманы мерзімінен бұрын орындады, деп хабарлады Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Сонымен қатар, олар клубтың осы жылға арналған бюджетінің мөлшерін жариялады.

«Клубтың басты мақсаты - Қазақстан Премьер-лигасына шығу болды. Команда бұл тапсырманы мерзімінен бұрын орындады», - деді облыстық спорт басқармасы

Клубтың осы жылғы бюджеті туралы былай хабарлады:

«Клубтың бюджеті екі миллиард теңгені құрайды. "Ақтөбе" ФК құрамына бірнеше командалар кіреді, бәрі бір бюджеттен қаржыландырады. Оның ішінде негізгі команда, қосалқы команда, мини-футбол клубы, жасөспірім командалар, екі әйелдер командасы, 700-ден астам балалар тәлім алатын футбол орталығы, 16 аудандағы футбол орталықтары және 32 адамнан тұратын футбол орталығының жаттықтырушылар құрамы бар», - деп хабарлады.

Еске салайық, «Ақтөбе» өткен маусымда бірінші лигаға түсіп қалған еді. Ағымдағы маусымда Қазақстанның бес дүркін чемпионы өз тобында 29 ұпай жинап, мерзімінен бұрын ҚПЛ-ге жолдама алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров