«Ақтөбеде» Смақовтың құрметіне сегізінші нөмір қолданылмайды
03.09.2018, 00:46
Жарнама
Жарнама
Ақтөбе қаласында аты аңызға айналған футболшы Самат Смақовтың қоштасу матчы өтті.
Футболшымен қоштасу ойынына оның достары, алаңдағы әріптестері мен футбол шенеуніктері келді. Бірінші болып сөз алған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Самат Смақовқа көлік сыйлады.
Сондай-ақ, футболшының құрметіне «Ақтөбе» клубының сегізінші нөмірі айналымнан алынып тасталынды.