Жарнама
Жарнама

Ақтауда «Арсеналдың» футбол академиясы ашылуы мүмкін

17.07.2018, 18:50
Жарнама
Жарнама
«Каспий» ПФК-ның ресми сайтының хабарлауынша, "зеңбірекшілердің" өкілі облыс әкімімен аталған жобаны талқылаған көрінеді. Маңғыстау облысына Киевтің «Арсенал» ФК-ның спорт директоры, сербиялық маман Владимир Рибич келді. Украина футболы төңірегінде қызметтегі маман сапарының басты мақсаты аймақта футбол академиясын ашу мүмкіндігін қарастыру екен. 6 шілде күні Киевтен келген қонақ облыс әкімі Ералы Тоғжановпен Ақтау қаласының футбол нысандарын аралады. Сонымен қатар, футбол маманы әкімнің футбол жұртшылығымен кездесуіне де қатысып, футбол академиясын ұйымдастыру үшін тиісті инфрақұрылым деңгейі жөнінде мәселені де көтерген көрінеді. Киевтік қонақтың Маңғыстау облысына сапары нәтижесінде Ақтау қаласының «Намыс Арена» футбол алаңының басшылығымен бірлескен футбол нысанын ашу туралы шешім қабылданды. Естеріңізге сала кететін болсақ, Ақтаудың "Каспий" ПФК Футболдан Қазақстан чемипионатының бірінші лигасында 17 тур қорытындысы бойынша 8 ұпаймен 11 орында орналасқан.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров