Ағылшын Премьер-лигасының матчтарында қызмет ететін төрешілер қателіктері үшін айыппұл төлеуі мүмкін.
Daily Mail-дің хабарлауынша, ең нашар жағдайда айыппұлдың көлемі 58 мың еуроны құрауы мүмкін. Англия Премьер-лигасының бас төрешісі 126000-138000 еуро көлемінде жалақы алады, бірақ олар қосымша сыйақы арқылы жалақысын 183 500-198 000 еуроға дейін арттыра алады.
Дереккөздің ақпаратына сәйкес, төрешілер әр матч үшін ұпай алатын болады. Ұпайлар 0-10 аралығында болады және төрешілік сапасына байланысты бонустар қайта есептеледі. Жобада бонус түріндегі толық соманы алу үшін төреші маусымның соңында орта есеппен 8,4 ұпай жинауы керек делінген.
Біздің серіктес: FONBET