Жарнама
Жарнама

Антикор тағы бір клубты қылқындырды

25.12.2024, 14:46

Шымкент қаласының жемқорлыққа қарсы департаменті «Ордабасы» клубының шығыны шектік 1,2 млрд теңге мөлшерінен асып кеткенін дәлелдеп берді.

"Ордабасы" - "Қайрат" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Мәселен, биыл футболшылардың айлық еңбекақысы 20 миллион теңгеден асып түссе, жалпы команданың шығындары 6,3 млрд теңгені құраған. Бұл сома алдын-ала сұралған сомадан бес есе асып түсті делінген департамент мәлімдемесінде.

«Еңбек келісімшарты мен оған қосымшаларда 2 млн теңге көлеміндегі айлық пен 14-20 млн аралығындағы бонустар құрайтыны көрсетілген. Биыл бапкерлер мен футболшыларға, әкімшілік-басқару персоналының еңбекақысын төлеуге, олардың іс-сапарлары, салықтары мен өзгелерін қосқандағы барлық шығындарын қоса есептегенде клуб бюджеті 1,2 млрд теңге болған. Алайда, спорт басқармасы мен «Ордабасы» командасының арасында 6,3 млрд теңге болатын мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімшарт жасалды. Бұл белгіленген қажетті қаражат мөлшерінен бес есе көп. Ал бюджет қаражатының қалай жұмсалғаны жөніндегі тапсырыстардың есеп-қисабын жауапты, құзырлы органдар тексермейді», - делінген құзырлы органның деректерінде.

Шымкент қаласы Жемқорлыққа қарсы департамент агенттігінің тексерісінен кейін «Ордабасы» ФК-ның заңдық-құқықтық формаларын қайта қарастыру нәтижесінде, акционерлік қауымдастықтан коммуналдық заңды тұлға қатарына ауыстыру ұсынылған болатын. Жемқорлыққа қарсы департаменті осы арқылы футбол клубындағы қызметкерлердің кесімді жалақысын тағайындауға болады деп есептейді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров