Тьерри Анри мен "Бордо" клубы өзара келісімге келе алмады.
L'Equipe-тің хабарлауынша, қыркүйектен бастап "Бордоның" иегері атанатын GACP компаниясы ұсынған кепілдемелерге француздық маманның көңілі толмаған. Енді клубқа бас бапкер болып Клаудио Раньери тағайындалуы мүмкін. Одан бөлек, "Бордо" Лоран Бланға да байланысқа шығып көрген екен.
Естеріңізге сала кетейік, "Бордоның" бұрынғы бапкері Густаво Пойет еурокубоктік ойыннан кейін клуб басшылығына қарсы сұхбатынан кейін қызметінен кеткен болатын.