Жарнама
Жарнама

Анри ағылшындық клубқа бапкер болады

24.07.2018, 18:00
Жарнама
Жарнама
Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри клубтық деңгейде жеке бапкерлік қызметін бастайды. Daily Star-дың мәлімдеуінше, әйгілі француз "Астон Вилла" клубының бас бапкері Стив Брюсті алмастырады. Аталған басылымының ақпараты бойынша, Анри бирмингемдік клубпен келісіп қойған көрінеді. Клубтың негізгі акционерлері Нассеф Савирис пен Уэс Эденс Стив Брюстің команданы чемпионшиптен премьер-лигаға алып шыға алатынына сенбейтін болса керек. Жақында ғана Тьерри Анри бапкерлік қызметті бастау мақсатында Sky Sports арнасынан сарапшы қызметінен кеткен болатын.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров