Жарнама
Жарнама

Аничич «Астана» сапында ең көп ойын өткізген футболшылардың үздік бестігіне енді

03.07.2018, 04:55
Жарнама
Жарнама
Аничич «Астана» сапында ең көп ойын өткізген футболшылардың үздік бестігіне енді «Астана» - «Ордабасы» арасындағы кездесу Марин Аничич үшін елорда командасы сапындағы 172-ші ойыны ретінде тіркелді, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі. 28 жастағы қорғаушы осы нәтижесінің арқасында «Астана» сапында ең көп ойын өткізген футболшылардың үздік бестігіне енді. Бұл көрсеткіш бойынша Аничичтің алдында тек Ненад Эрич (238 ойын), Абзал Бейсебеков (227), Дмитрий Шомко (196) және Таңат Нөсербаев (195) бар. Өзі алаңға шыққан 172 ойында Аничич 8 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Айта кетейік, Марин елорда командасы сапына 2014 жылы қосылып, 4 мәрте Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, Қазақстан Кубогы мен Суперкобогын жеңген. Және де Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров