Жарнама
Жарнама

Англиядағы ең қымбат трансферлер

11.09.2018, 19:17
Жарнама
Жарнама
Англияда трансферлік терезе биыл жылдағыдан ерте жабылды. Англия футбол федерациясының шешімімен жазғы трансферлік ауысымды 2018/19 жылғы маусым басталардан бір күн бұрын тоқтау жайлы шешім шығарылған. Сондықтан Англия клубтары жанталасып, қатарларына өздеріне қажетті ойыншылармен толтыруға асықты. Биылғы трансфер нарығында «Ливерпульдей» белсенді клуб болмаған шығар. Мамырда Чемпиондар лигасының финалына шығып, Мадридтің «Реалынан» жеңілген Юрген Клопп жаттықтыратын клуб осы жолы барлық титулға таласуға әзір екенін байқатты. «Ливерпуль» осы жазда 177 миллион фунт қаржы жұмсаған. Қақпашы Алисонның өзі 62,5 миллион фунтқа бағаланып отыр. Осы ретте Англиядағы ең қымбат трансферлер жайлы сөз қозғамақпыз.
  1. Кепа Аррисабалага («Челси», 80 млн еуро)
Лондон қаласының «Челси» клубы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанған Тибо Куртуадан айырылып қалды. Бельгиялық 26 жастағы қақпашы Мадридтің «Реалына» ауысып кетті. Сондықтан оның орнына сенімді кипер іздеді. Амал жоқ, «Атлетиктегі» Кепа Аррисабалаганы 80 млн еуроға сатып алды. Сөйтіп, Кепа әлемдегі ең қымбат қақпашы атанды. – Бұл мен үшін ең маңызды шешім. Спорттық карьерамда және жеке өмірімде тағы бір маңызды қадам жасадым.«Челси» – көптеген ойыншыларды өзіне қызықтыра алатын клуб. Өйткені, «Челсидің» осыған дейінгі жеңіп алған титулдары, қаласы, Англия премьер-лигасында ойнауға сыйлайтын мүмкіндігі бар. Осы ретте «Челсидің» маған сенім артып, қатарларына қосқанына қуаныштымын, – деді Кепа Англияның баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында.
  1. Рияд Марез («Манчестер Сити», 67,8 млн еуро)
Алжир құрамасының көшбасшысы «Лестер» чемпион болған 2015 жылдан бері көптеген командалардың көзіне түсіп жүрген. Бұған дейін бірнеше команда қызығушылық танытқан еді. Дегенмен, Марез әріптесі Кантемен салыстырғанда «Лестерде» ұзақ тұрақтады. Енді, биылғы маусымда бұл футболшыны Англия чемпионы «Манчестер Сити» өз қатарына қосты. Трансфер құны  67,8 млн еуроға бағаланып отыр. Жақында «Манчестер Ситидің» көшбасшысы Кевин Де Брюйне жарақат алып қалды. Бельгиялық алдағы үш айда командасына көмектесе алмайды. Оның орнын осы Марез басады деп күтілуде. – «Сити» – өте жақсы клуб. Осында келгеніме қуаныштымын. Маған бұл команданың ойын стилі ұнайды. Өзімнің ойыныма сәйкес келеді. Оның бәрі бапкердің еңбегі деп ойлаймын. Мен мұнда командаға көмектемін деп келдім. Алдыға қадам жасап, көптеген титул ұтып алу үшін аянып қалмаймын.Былтырғы маусымда жасаған команданың еңбегі таңқаларлық. Менде жылдың үздік ойыншысына берілетін награда бар. Бірақ маған одан да көп титул керек, – дейді Марез британ басылымдарына берген сұхбатында.
  1. Алиссон Бекер («Ливерпуль», 62, 5 млн еуро)
Мамыр айында «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалында «Реал Мадридтен» ұтылып қалды. Соғылған үш голдың екеуі қақпашы Кариустың қателігінен. Осыдан кейін бұл командаға жақсы қақпашы керек екені айқын болатын. Юрген Клопп бапкер Бразилия құрамасы мен «Романың» негізгі қақпашысы Алиссон Бекерді қатарға қосу үшін аянып қалған жоқ. Ағылшын клубы Римдіктерге Алиссон үшін 62,5 миллион еуроны санап берді. Сондай-ақ қосымша 10 млн еуро бонус тағы қарастырылған.
  1. Фред («Манчестер Юнайтед», 59 млн еуро)
Украинаның «Шахтер» командасы Бразилияда жүрген жас таланттарды аз қаржыға сатып алып, кейіннен қымбат бағаға өткізуді әдетке айналдырды. Бұған дейін Виллиан, Фернандиньо, Луис Адриано, Алекс Тешейра, Дуглас Коста және т.б бірнеше футболшыны Еуропа клубтарына жіберген еді. Бұл жолы жартылай қорғаушы Фредті «Манчестер Юнайтед» клубы аттай қалап алдырды. Жозе Моуриньюдің көңілінен шыққан футболшы үшін Донецкінің командасы 59 миллион еуроны санап алды. – Менде спорттық карьерамды әріқарай жалғастыратын бірнеше вариант болды. «Манчестер Сити», ПСЖ клубтары қызығушылық танытты. Бірақ солардың арасынан «Манчестер Юнайтедті» таңдадым. Дұрыс шешім қабылдағаныма сенімдімін. Бұл клубқа ауысар алдында жеке агенттім, кезінде «Арсеналда» ойнаған Жилберто Силвамен ақылдастым. Ол МЮ ТОП команда екенін, сонда барғаным дұрыс болатынын айтты. Англия чемпионаты әлемдегі ең үздік лига. Сондықтан осы біріншілікті жеңгім келеді, – дейді Фред ESPN-ға берген сұхбатында.
  1. Жоржиньо («Челси», 57 млн еуро)
Биыл жазда «Челси» бас бапкерін ауыстырды. Антонио Контенің орнына тағы бір италиялық маман Моурицо Сарри келді. Осыған дейін «Наполи» клубын баптаған. Сарри өзімен бірге «Наполиден» жартылай қорғаушы Жоржиньоны ертіп әкелді. Футболшының трансферлік құны 57 миллион еуроға бағаланды. Бұл футболшы орталық алаңда команданын ойынын жүргізеді. – Футбол мен үшін өте маңызды. Ол менің өмірімнің бір бөлігі. Футбол біздің қанымызда бар спорт. Атам да, ағам да футболмен айналысқан. Туғаннан допқа икемім болды. Бала кезімде көптеген қиындықтарға кездестім. Сондықтан футбол менің және отбасымның жақсы өмір сүруіне ықпал етеді деп түсіндім. Сол себепті жаттығуда барымды салып дайындаламын. Мен өзімді 100 пайызға еуропалық деп  санаймын. Менің ойындағы стилім бразилиялықтарға мүлдем келмейді. Әрине, Бразилияда дүниеге келдім, сонда өстім. Бірақ кейіннен Италияда жаттығып, осында жетілдім. Осы елде жүріп, футбол ойнауды толығымен үйрендім, – дейді Жоржиньо «Челси» клубының журналына берген сұхбатында.
  1. Фабиньо («Ливерпуль», 45 млн еуро)
«Ливерпульдің» Англияда чемпион болмағанына 28 жыл. Бұл атақ кезінде осы клубтың символына айналған Стивен Джеррардтың өзіне бұйырған жоқ. Биыл команда жанкүйерлердің ұзақ күткенін арманын орындау үшін трансферде қаржыны аяған жоқ. Соның бір дәлелі «Монаконың» жартылай қорғаушысы Фабиньоның сатып алуы. Бразилиялық футболшы «Монако» сапында 225 матчқа қатысып, 29 гол соққан. Трансфер құны 45 миллион еуро. –«Ливерпульдің» стилі «Монакоға» қарағанда бөлек. Мұнда ортада үш жартылай қорғаушы ойнайды. Бізде бұрын екеу болды. «Ливерульге» келгенімде мені жоғары бәсекелестік күтіп тұрғанын жақсы түсіндім. Бұл клуб үшін пайдалы. Егер біреу жарақат алса, оның орнын алмастыратын ойыншы бар, – дейді Фабиньо клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
  1. Ришарлисон («Эвертон», 39,2 млн еуро)
Тағы бір бразилиялық футболшы биылғы жылдың ең қымбат трансферлерінің қатарына кіріп отыр. 21 жастағы Ришарлисон «Уотфордтан» Ливерпуль қаласының «Эвертон» клубына ауысып келді. Келісімшарт 2023 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Трансфер құны 39.2 миллион еуро. Былтыр Ришарлисон «Уотфорд» сапында алғашқы 17 ойында 5 гол соғып, әріптестеріне 4 нәтижелі пас шығарған. Бірақ кейінгі 21 ойында мүлдем көзге түскен жоқ. Шабулшы 11 тамызда өткен премьер-лиганың алғашқы турында «Вулверхэмптон» қақпасына дубль жасап үлгерді. Бірақ ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
  1. Фелипе Андерсон («Вест Хэм», 30 млн еуро)
Бразилиялық футболшылардың рекордын әріқарай жалғастырамыз. 2013 жылдан бері Италияның «Лацио» клубында тер төккен Фелипе Андерсон мекенжайын Англияға ауыстырды. Ол енді Лондонда доп теппек. «Вест Хэм» клубы футболшы әжептәуір ақша төледі. Трансфер құны 30 млн еуроға бағаланған Андерсон үшін қосымша бонустарда қарастырылған. Ол былтырғы маусымда Италия чемпионатында 31 матчқа қатысып, 7 гол соққан. Сондай-ақ 9 нәтижелі пастың авторы.
  1. Йерри Мина («Эвертон», 30,25 млн еуро)
Ресейдегі әлем чемпионатында баспен гол соғымен ерекшеленген колумбиялық қорғаушы Йерри Мина «Барселонадан» «Эвертонға» ауысты. –Менің жасым қазір 23-те. Болашағым үшін алаңдамаймын. Барлығы алда деп ойлаймын. «Барселонада» мен ойнайтын позицияда мықты футболшылар көп. Дегенмен, көбірек алаңға шығып, өзімді көрсеткім келген. Бірақ оған мүмкіндік берілмеді. Тек бірнеше минут ғана ойнадым. Ол кезде өзім қалағандай болған жоқ. Соның салдарынан өзіме деген сенімділікті жоғалттым. Тіпті, жаттығу кезінде көп қателесетін болдым, – дейді Мина клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
  1. Лукас Торрейра («Арсенал», 30 млн евро)
Биыл «Арсенал» клубында жаңа бапкер. Ұзақ жыл бойы «Зеңбірекшілерді» жаттықтырған француз маманы Арсен Венгер кетті. Оның орнына испаниялық Унаи Эмери келді. Бұл маманның осы жазда жасаған санаулы трансфері бірі осы Лукас Торрейра. Уругвайлық жартылай қорғаушы соңғы екі маусымда Италияның «Сампдория» командасында ойнаған. Алаңда артқы тіреуіш қорғаушының міндетін атқарады. Допқа талас кезінде Апенин түбегінде чемпионатта Лукас Лейвадан  кейінгі екінші орында болған. Футболшы «Арсенал» сапында 11-нөмірмен ойнайды. Бұрын ол Месут Озилге тиесілі болған. Биылғы маусымда Озил 10-нөмірге ауысқан еді. Мен негізі 34-нөмірді таңдағым келген. Бірақ бос емес екен. Сондықтан таңдауға 11-ге түсті. Бұл сан менің туған күніме сәйкес келеді. Сондай-ақ киім шешетін бөлмеде Озилдің қасында боламын. Ол әлем чемпионатын ұтқан керемет футболшы. Осындай ойыншылармен бір командада ойнайтыныма бақыттымын, дейді Торрейра.

Бек ТӨЛЕУОВ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров