Жарнама
Жарнама

Андрей Шевченко: «Жоғалтқан ұпайларды сырт алаңда жинауға тырысамыз»

01.04.2021, 19:05
Украина алғашқы үш ойында жеңістің дәмін татпады.
Жарнама
Жарнама

Украина ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко Қазақстанға қарсы (1:1) өткен ойынның қорытындысын шығарды.

- Гол соғатын мүмкіндіктерді пайдаланбасаңыз, қарсылас сізді жазалайды. Мен кейбір нәрселерге алаңдаймын. Менің ойымша, біз мүмкіндікті уыстан шығарып алдық. Өкінішке орай, соңғы кездері біз қателескен сайын жазаланып жатырмыз. Қарсы шабуылды жіберіп алдық - олар бізге гол соқты. Біз гол соғатын 8-10 мүмкіндік жасаймыз, бірақ оны жүзеге асыра алмаймыз. Мен әлі талдайтын бірнеше нюанстар бар, ол үшін бізде уақыт жеткілікті. Мен қай бағытта қозғалу керектігін білемін. Бұл теріс нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын.

- Екінші таймда Қазақстан құрамасы жақсы ойнайды деп күттіңіз бе?

- Маған Қазақстанның аяғына дейін күрескені ұнады. Қарсылас ойыншылар қолдан келгеннің бәрін жасады. Жігіттер жарады, бір ұпайға ие болды. Біз ойынның нүктесін қою үшін жеткілікті мүмкіндік жасадық, бірақ оны пайдаланған жоқпыз. Қарсылас бізді жазалады...

- Біз Қазақстанды толығымен басып оздық, бірақ нәтижеге қатысты сұрақтар бар. Есеп теңескен сәтте мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін және осындай мүмкіндіктерді жасау үшін не істеу керек?

- Біз өз мүмкіндігімізді түсінуіміз керек. Бұл ойынның тағдырын бірінші таймның өзінде шешіп тастауға болатын еді. Бұл ақталу емес, факт. Қарсы шабуылдан гол жіберіп алдық. Содан кейін өз позицияларымызды жоғалтып алған сәттер де болды. Соның өзінде мүмкіндіктер жасай алдық. Біз бұрын-соңды болмаған қателіктер жібереміз. Мен командамен осы тақырыпта сөйлесіп жатырмын. Толық талдау жүргізу үшін маған біраз уақыт қажет. Ия, біз ойынды қиындатып алдық. Бірақ, мен бұл мәселенің шешімі жоқ деп ойламаймын. Біз үйде аз ұпай жинадық - жоғалтқан ұпайларды сырт алаңда жинауға тырысамыз.

- Жанкүйерлердің жоқтығы ойыншылардың шабуылдағы әрекеттеріне қатты әсер етіп, қысым көрсете ме?

- Әрине, бізге кез-келген команда сияқты көрермен жетіспейді. Әсіресе, үйде ойнаған кезде біздің стадион жанкүйерлерге толы болады. Қазір бәрінде бірдей жағдай. Жігіттер бейімделуі керек, өздерін ынталандыруы керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров