Жарнама
Жарнама

Андрей Шевченко: «Қазақстан - әрқашан соңына дейін күресетін ұйымшыл команда»

31.03.2021, 21:07
Украина топтық кезеңдегі алғашқы екі матчта да тең ойнады.
Жарнама
Жарнама

Украина ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы өтетін ойын туралы пікір білдірді.

- Қазақстан құрамасының ойыны туралы не айта аласыз?

- Бұл әрқашан соңына дейін күресетін ұйымшыл команда. Олар екінші нөмірде ойнайды. Бізді қиын матч күтіп тұр, бірақ біздің міндетіміз - жеңіске жету. Қарсылас та бізден ұпай алуға тырысады.

- Қазақстанмен болатын матч аясында сіздер үлкен қысымға ұшырадыңыздар. Осыған байланысты Украина құрамасына қарсы ойнау қиынырақ бола ма?

- Топта сіздің қай командамен ойнағаныңыз маңызды емес. Бұл өте қысқа турнир. Міндет - бірінші орын алып немесе екінші орын және плей-офф кезеңі арқылы Әлем чемпионатына шығу. Қазақстанмен немесе Франциямен болатын матчтың айырмашылығы жоқ - әр ұпай маңызды. Бұл кездесулерің жауапкершілігі бірдей.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров