![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/08/миро-480x244.jpg)
"Тобыл" ФК-ның басшылығы Владимир Никитенконың қызметінен кету туралы өтінішін қабылдап, орнына клубтың бапкерлер штабының өкілі Андрей Мирошниченконы бас бапкердің міндетін атқарушы етіп тағайындады. Бас бапкермен бірге клубтан көмекшісі Юрий Коньков пен қақпашылардың бапкері Александр Горошинский де кетті, - деп "Тобыл" ФК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Андрей Мирошниченко "Тобыл" ФК-да 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді.