Жарнама
Жарнама

Алматыда «Арманға қарай» атты футбол чемпионатының финалдық ойындары басталды

20.06.2018, 15:18
Жарнама
Жарнама
Алматыда «Қайрат» футбол клубының қолдауымен «Арманға қарай» атты футбол чемпионатының финалдық ойындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz 19 маусымда Алматы қаласында футбол бойынша «Арманға қарай» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы чемпионаттың ақтық кезеңі басталды. Жеңімпаздар үшін басты жүлде - Франциядағы «Пари Сен-Жермен» клубының футбол базасына жолдама. «Қайраттың» ойыншысы Елдос Ахметов чемпионаттың соңғы кезеңінің ашылуына барып, турнирдің қатысушыларына қолдау білдірді. - Сіз қазірдің өзінде ең күшті командалардың бірі болдыңыз. Алға деген ұмтылыс-ниеттеріңіз қашан да жемісін әкеледі. Өз күштеріңе сеніп, әрдайым ауызбіршілікте болыңдар, өйткені футбол - командалық ойын, - деді Ахметов.

prosports.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров