Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстанның ең үздік қақпашыларының бірі Алмат Бекбаев жақын арада "Қызыл-Жар" ойыншысы атанады.
Осы қыста петропавлдық клуб бірнеше назар аударарлық трансферлер жасады. Атап айтқанда, ҚПЛ-де өзін жақсы жағынан көрсеткен черногориялық Дарко Зорич пен бразилиялық Данило Альмейданы қатарға қосты, ал команданың жаттықтырушылар құрамына ЕУРО-2008 турнирінің қола жүлдегері Денис Колодин қосылды.
Соңғы 2 жылын Бекбаев "Жетісуда" өткізді. Маусымаралық үзіліс кезінде ол "Тұран" командасына қосылады деп күтілген еді, бірақ қақпашының өзі басқа клубтың ұсынысын күткісі келді.
Біздің серіктес: FONBET