Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионатының финалына 1000 теңге ғана тіккен Алматы тұрғыны, 135 мың теңге жеңіп алған.

17.07.2018, 16:30
Жарнама
Жарнама
Бішкектен Алматыға қоныс аударған ресейлік азаматша Елена Рогожина бұған дейін спортқа мүлде қызыпағанын айтты. Тұрмыстық техника мен электронды құрылғы сататын ірі компанияға жұмысқа тұрған ару бір-ақ күннің ішінде байып кеткен. Елена әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көргенде өзі де бәс тіккісі келген. Ол Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тігіп 300 мың теңге ұтысқа кенелген жігіттің жетістігіне қызыққан. "Тіпті аздап ішім күйіп кетті", — дейді Елена Рогожина Sputnik тілшісіне. — "Мен не одан кеммін бе?" деп ойладым. Сөйтіп, букмекерлік кеңсеге келдік. Барлық мүмкін ұтысты қарап шықтым. Франция 6:0 есебімен жеңсе, мың теңгені жарты миллион қылып өсіріп алуға болатын еді. Бірақ, ештеңе білмесем де, мұндай жайттың болуы мүмкін емес екенін түсіндім. Франция 3:1 есебімен жеңетініне 1 мың теңге тіксем, бағым жанса, 23 мың теңге ұтар едім. Сондықтан, барлық болжамды қарап, 4:2 деген есепті таңдадым. Коэффициенті жақсы еді "Франция мені осылайша байытып жіберді", — деді Елена.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров