Жарнама
Жарнама

Алексей Шпилевский «Қайраттан» кетіп, германиялық клубты тізгіндеді

07.06.2021, 02:18
«Қайрат» бұл клубтан қомақты қаржы алған екен.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Алексей Шпилевский клубтан кетіп, германиялық клубтың тізгінін ұстады, деп хабарлайды комментатор Роман Нагучев телеграм-арнасында.

«Тамаша жаңалық естідім. Алексей Шпилевский «Қайраттан» кетіп, Германияның Екінші Бундеслигасында өнер көрсететін клубтың тізгінін ұстады. 11 маусым күні ресми хабарлауы керек. Лешамен доспыз, сондықтан ол үшін қуаныштымын. Ол осындай мүмкіндікті бұрыннан армандайтын. Германиялық клуб «Қайратқа» келісім-шартты бұзу үшін қомақты қаражат төледі. Клуб басшылығы Алексейді қызметінен босатуды жоспарламаған елі», – деді Нагучев твиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Шпилевский алматылық клубқа 2018 жылдың қарашасында келген еді. Содан кейін 2020 жылы алматылықтарға 16 жыл күттірген чемпиондыққа қол жеткізуге көмегін тигізді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров