Жарнама
Жарнама

Алексей Шпилевский: «Біз Чемпиондар лигасына жай қатысып қана қоймай, онда үлкен рөл ойнауға ниеттіміз»

06.11.2020, 17:38
Келесі ойындарда жас ойыншыларға мүмкіндік беріледі.
Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский өз командасының мерзімінен бұрын чемпион атанғаны туралы пікір білдіріп, қалған ойындардағы ротация және келесі маусымға арналған мақсаттары туралы айтты:

- Біздің ресми түрде чемпион болғанымызға екі күн болды. Мен, ең алдымен, өзім үшін емес, жігіттер үшін, клуб үшін, Қайрат Советаевич үшін шын жүректен қуаныштымын. Мен "Қайраттың" бұған қанша уақыт жұмсағанын жақсы түсінемін. Бізде бір команда болды, жігіттер бір-біріне үлкен құрметпен қарайды және жаттықтырушылар құрамының барлық талаптарын қабылдады. Бұл жеңіс толығымен солардың еңбегі.

Бізде үш матч қалды. Жауапкершілік сіздің мойныңызға артылмаған кезде және қысым болмаған уақытта өзіңді жақсы сезінесің. Бірақ бұл жайбарақат ойнаймыз және қарсыластарды бағаламаймыз дегенді білдірмейді. Біз соңғы үш кездесуде жеңіске жетіп, маусымды абыроймен аяқтағымыз келеді. Өкінішке орай, біздің жеңіліс бағанында «1» саны бар, екіншісін қосқымыз келмейді.

Ия, негізгі қүрамда өзгерістер болады, бірақ талаптар өзгеріссіз қалады. Енді тың ойыншылар алаңға шығатын болады, біз оларға өздерін дәлелдеуге мүмкіндік береміз.

Чемпионат аяқталғаннан кейін біз келесі маусымға дайындықты бірден бастаймыз. Қазірдің өзінде бізді нығайта алатын және жаңа мәселелерді шешуге көмектесетін жаңа ойыншыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы біз тек Алматының ғана емес, бүкіл Қазақстанның атынан шығатын боламыз. Біз Чемпиондар лигасына жай қатысып қана қоймай, турнирде үлкен рөл ойнауға ниеттіміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров