Волгоградтық "Ротор" Ресей Премьер-лигасының 29-туры аясында "Сочиден" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ойынның 9-минутында "Сочи" футболшысы Александр Руденко есеп ашты. Ал Алексей Щеткин 30-минутта бұрыштамадан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттап, таразы басын тең қылды. Бірақ кездесудің соңғы секундтарында Артур Юсупов жеңісті жұлып әкетті.
Айта кетейік, қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин қатарынан екінші матчта гол соқты, ол WhoScored статистикалық порталының тұжырымы бойынша 7,2 баллға ие болды. Форвард екінші таймның ортасында алаңдағы орнын командаласына босатып берді. Қорғаушы Дмитрий Шомко жарақатына байланысты бұл матчқа қатысқан жоқ.
"Ротор" РПЛ-дың турнирлік кестесінде 14-ші орынды тұр.
Біздің серіктес: FONBET