— Жауапты ойын алдында психологиялық тұрғыда биікте болу үшін, жеңіске жету өте мыңызды болды.
— АПОЭЛге қарсы ойынға дайындықтарыңыз қалай?
— Дайындалып жатырмыз. Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.
— Бүгінгі хет-трикті кімге арнайсыз?
— Өз отбасыма, балаларыма, ата-анама арнаймын.
— Ойында дәл осындай сілкініс жасауыңызға не түрткі болды?
— Білмеймін. Алаңдағы жағдай осылай болды.
— Команда Роман Григорчуктың уақытша кетуі туралы не айтып жатыр?
— Бұл ішкі жағдай. Сондықтан, пікір білдіргім келмейді.
— Бұл жағдай АПОЭЛге қарсы жауапты матч алдында кері әсерін береді деп ойламайысыз ба?
— Жоқ, әрине. Барлығы кәсіби футболшылар. Сондықтан, жеңіске жету қажет екендігін жақсы түсінеді.
— Кипрдегі ойын тең дәрежеде өрбіді десек болады. Лайықты нәтижеге қол жеткізу үшін не жетіспеді деп ойлайсыз?
— Менің ойымша, бірінші кезекте шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық. Гол соғатын мүмкіндіктерді, лайықты пайдалану керек еді. Қарымта ойында одан да жақсы ойнай алатындығымызға сенімдімін.
— АПОЭЛге қарсы Астанада қалай ойнау қажет. Екінші нөмірмен ойнауларыңыз мүмкін бе?
— Барынша сақ ойнап, қақпамызға гол жібермей, керісінше қарсылас қақапасын дәл көздеуге тырысуымыз қажет.
— АПОЭЛге қарсы нақты қандай футбол ойнау жоспарларыңызда бар?
— Бірінші ойындағыдай, қорғаныстан – қарымта шабуылға.
— «Астана» маусымға дайындықты ерте бастауына байланысты, қазіргі уақытта функционалдық дайындық тұрғысында қиындық көріп жатыр деген пікір бар.
— Дәл қазір барлығы жақсы. Бірінші ойында, функционалдық тұрғыда қиындық болды дей алмаймын. Ол кездесуде алғаш болып есеп ашқанда, барлығы басқаша болар еді.
Біздің серіктес: FONBET