«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Тобылмен» болған ойын (1:1) жайлы өз пікірін айтты:
- Өте ауыр матч, біз үшін бұл стратегиялық әрі психологиялық тұрғыдан маңызды. Футболшылар алғаш болып гол өткізіп, ойыншымыздың алаңнан қуылғанына қарамастан, бар күштерін сарп етті. Қарсыласты да мақтамасқа болмайды, теңдестірілген жақсы команда. Бірақ менің ойымша, барша қолдаулар мен қарсылықтарды таразыға сала келе тең ойын - заңды нәтиже. Біз жарақат алған ойыншыларымыздың қатарға оралуын күтеміз. Келесі ойынға дайындалатын боламыз, әрине соңғы нәтижелер, жеңілістер мен тең ойындар психологиялық тұрғыдан бізге ауыр тиеді, бірақ алдағы ойында жеңіске жетуді жан-тәнімізбен қалаймыз. Алайда мен футболшыларыммен мақтанамын, олар алаңда бар күштерін салады. Оларды бұл тұрғыда біреу айыптайды деп ойламаймын.
Біздің серіктес: FONBET