Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: “Мен “Ордабасыдан” кетемін”

“Ордабасы” командасының бапкері Александр Седнев Meta-ratings.kz порталына берген сұқбатында шымкенттік ұжымнан кететіндігін айтты.

Жарнама
Жарнама

 

  • Біріншіден, “Пюникті” жеңісімен құттықтаймын. Ойын қызықты өтті. Матч қауіпті сәттерге толы болды деп айтуға келмес. Соңына қарай, біз барынша тәуекелге баруға тырыстық. Жіберіп алған голға байланысты, “Пюник” футболшылары біздің қорғаныстың кілтін тапты. Біздің команданың барлық ойыншыларына алғысымды білдіргім келеді. Олар шама-шарқы жеткенше, өнер көрсетті. “Пюник” қиын қарсыластардың бірі екенінен әуел-баста хабардар едік. Өзімнен бастап командаға дейін алдымызға қойылған мақсатты орындай алмадық. Командаға өзгеріс қажет. Мен басшылыққа кететінім жайында алдын-ала ескерттім. Мен бұл шешімді жеңілісті матч алдында қабылдап қойдым.

Еске салсақ, Конференция Лигасының іріктеуінде “Ордабасы” еревандық “Пюникке” қос матч қорытындысы бойынша - 2:0 есебімен есе жіберді. 

Александр Седнев шымкенттік ұжымды 2021 жылдан бері баптап келеді. Аталған бапкердің баптауында “Ордабасы” өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: