Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Мен біздің өте қатты қапалы екенімізге және тең есепті қабылдамағанымызға қуаныштымын»

10.04.2021, 17:02
Седнев шәкірттері үш матчта екі рет жеңіске жетіп, бір рет тең ойнады.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасы" клубының бас бапкері Александр Седнев "Ақтөбемен" болған ойынды (4:4) қорытындылады:

- Меніңше, тең есеп жеңілістен де қиын болады. Мұның себебі нәтиженің өзінде емес, бұның қалай орын алғанында шығар. Менің футболшыларым өте қатты тырысты. Олар ойынның мазмұны жағынан да, сапасы жағынан да жақсы кездесу өткізді. Алайда, кейде қарсылас ешбір сәт тудырмаса да, бізге 4 гол соғатын ойындар болады. Бұл көп, өте көп. Бірақ мұндай ойындар болып тұрады. Менің футболшыларға ойын икемділігі бойынша да, жанын салып ойнағандары бойынша да ешқандай сұрағым жоқ.

Бізге матчтың кейбір эпизодтарынан кейінгі жайбарақаттық секілді аспектілер жетіспейді. Біз гол соққаннан кейін барлығы біткен секілді, ойын жасалып қойған секілді болады. Бұл шыныменде біз үшін ащы сабақ болды, себебі барлығының көңіл-күйі түсіп кетті. Біз өзімізге мұны тәжірибе ретінде қабылдап, келесіде осындай қателіктерді жібермеуге тырысамыз.

Мен қақпашымыздың көптеген қателіктер жібергені жөнінде айтып өтсем деймін. Қателік бұл бір істің салдарынан туындайды, біз өз қақпашымызға сенеміз. Расымен де, өте жақсы қақпашы өсіп келеді. Мен бұған күмәнданбаймын, менің сөздерімді естеріңізде сақтаңыздар. Мұндай ойындар оны екі есе мықты етеді деп сенемін. Ол қатайып, тәжірибе жинақтайды.

Әрине, болжау мүмкін емес ойындар болады. Мен бұл жағдайға төтеп бере аламыз деп ойлаймын. Мен біздің өте қатты қапалы екенімізге және тең есепті қабылдамағанымызға қуаныштымын. Біз алда тұтас команда әрі агрессивті бола түсеміз деген ойдамын және жігіттердің бір-біріне мықты болуға көмектесетіндеріне сенемін. Дәл осылай өз алдына үлкен мақсаттар қоятын ұжым, команда қалыптасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров