Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Біздің ойындарымызда функционалды мінез бар»

25.02.2021, 19:17
Бұл матчтағы жалғыз голды Жоао Пауло соқты.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев украиналық «Агробизнес» клубымен болған матч жайлы пікір білдірді:

- Бүгін біз ОЖЖ басталғалы бері ең максималды жүктеме берілген ойынды өткіздік. Бұл бізге қазір екі есе ауыр, бірақ соған қарамастан мен футболшыларыма ризамын. Оларға қалай қиын болғанын білемін, бірақ олар кездесу соңына дейін жеңіске жетуге тырысты. Әзірге біз тиімді есеппен ойнауды және дақсы шабуыл жасауды жүзеге асырудамыз. Біздің ойындарымызда функционалды мінез бар және біз жасайтын барлық ауысымдардың дайындығымызға қатысы жоқ. Біз ойыншымыздың бүгінгі ойында 20 немесе 30 минут ойнай алатынын ескертетін дәрігерлердің нұсқауымен жүреміз. Мен бұл кезеңнен жарақатсыз шығамыз деген ойдамын. Қазіргі сәтте баланс тұрғысында кішігірім мәселе бар, мен оның қалыпқа келетініне сенемін. Алға қарай жылжып, чемпионаттың басталуын асыға күтеміз, әрине бізде әлі дайындықтың соңғы кезеңі қалды. Мен біздің бұл кезеңді жақсы өткізіп, өзіміздің физикалық, функционалдық жағдайымызды және ойын сәттерін жақсартамыз деген үміттемін.

- Неліктен бүгінгі ойында Александр Клещенко алаңға шықпады?

- Александр мәскеулік «Динамоға» қарсы ойында ауқымды жарақат алып қалды. Біз қазір оның қалпына келуімен айналысудамыз, мен оның қатарға оралу мерзімі ұзақ болмайды деп сенемін. Келесі аптада оны ортақ топта күтетін боламыз. Барлығы ойдағыдай болып, ол жаттығуды аздап болса да жалғастырады деген үміттемін. Біз ойыншылардың денсаулығымен тәуекелге бара алмаймыз, қайталап айтамын, біздің кездесулерде функционалды мінез бар.

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров