Жарнама
Жарнама

Александр Мокин жаттығуға қайта оралды

26.03.2021, 02:08
Мокин кеше отбасылық жағдайына байланысты Ұлттық құрама сапынан кетіп қалған еді.
Жарнама
Жарнама

Александр Мокин Ұлттық құрама сапындағы жаттығу жұмыстарына қайта кірісті, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм-арнасы.

Күні кеше Мокиннің отбасылық жағдайына байланысты Қазақстан құрамасының орналасқан жерінен кетіп қалғаны хабарланған болатын. Ал Ұлттық құрамадағы қақпашылардың жаттықтырушысы Николай Радионов қақпашының бүгінгі жаттығуға қатысқанын мәлімдеді.

Мокиннің өзі бұл жағдайды былай деп түсіндірді:

- Иә, мен отбасылық жағдайларға байланысты ұлттық құрама сапынан уақытша кеттім. Себебі, қызымның дене температурасы көтеріліп, ауырыңқырап қалды. Ұлттық құраманың бас бапкері менің жағдайымды түсініп, үйге баруыма рұқсатын берді. Үйде бір жарым күндей болып, қызым жақсарған соң жаттығуға қайтадан кірістім.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына Мокиннен бөлек, Стас Покатилов, Мұхамеджан Сейсен, Бекхан Шайзада шақырту алған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров