Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Александр Мокин Қазақстан құрамасының орналасқан жерінен кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Қақпашы отбасылық жағдайларына байланысты кетуге мәжбүр болған. Ұлттық құраманың алғашқы нөмірі «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасына жас қақпашылар - «Тараздан» Мұхаммеджан Сейсен мен «Ордабасы» сапынан Бекхан Шайзада шақыртылған болатын. Команданың резервтік тізімінде «Астана» қақпашысы Дмитрий Непогодов та бар, ол енді ұлттық құрамаға шақырту алуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET