Қазақстан құрамасының 39 жастағы қақпашысы Александр Мокин 16 жыл 2 ай бойы Қазақстан құрамасында өнер көрсетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Александр Мокин Қазақстан құрамасындағы дебюттік матчын 2005 жылы 29 қаңтарда Йокогамада, Жапония құрамасына қарсы өткізді (0:4). Сол уақыт пен Әлем чемпиондары Франциямен болған матчтың аралығы 16 жыл 2 айды құрады. Қазақстан құрамасында ұзақ уақыт бойы ойнаған футболшы - тағы бір қақпашы Давид Лория, ол 17 жыл 4 ай бойы ұлттық құраманың намысын қорғады.
Қазақстан ұлттық құрамасында ұзақ уақыт бойы өнер көрсеткен футболшылардың тізімі:
1. Дэвид Лория - 17 жыл 4 ай;
2. Самат Смақов - 16 жыл 6 ай;
3. Александр Мокин - 16 жыл 2 ай;
4. Ренат Абдулин - 14 жыл 5 ай;
5. Андрей Карпович - 13 жыл 10 ай.
Біздің серіктес: FONBET