Петербургтік “Зенит” командасының шабуылшысы Александр Кокорин өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлер мен жақын туыстарына алғысын білдірді.
![](https://pbs.twimg.com/media/CsvgusFWcAAhgDN.jpg)
“Мен, Александр Кокорин, барлық жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді. Мені осындай қиын жағдайда тастамай, соңына дейін қолдау көрсеткен барша адамдарға алғысым шексіз. Мен өмірімдегі ең қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмын”
“Өмірде түрлі жағдайлар кездеседі .Барлық адам өмірде қателеседі, бірақ , ең бастысы-сенімді қадамдар жасау мен ешқашан берілмеу. Мен өзімнің футболға оралатындығыма сенемін. Өзімнің жаттығуларыма қайта кірісіп , спорттық бабыма қайта келемін деп ойлаймын. Осындай ауыр кезеңде жан-жақты қолдау танытып жатқан “Зенит” клубы мен дәрігерлеріне алғыс айтқым келеді”,-деп жазды Александр Кокорин.
Дайындаған: Әлішер Хабидолла